Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ІI РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ҮЗДІК ИМАМ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БІЛІМ САЙЫСЫНЫҢ ЖЕРЕБЕ ТАРТУ РӘСІМІ ӨТТІ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 26.08.2026 400 0 пікір
ІI РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ҮЗДІК ИМАМ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БІЛІМ САЙЫСЫНЫҢ ЖЕРЕБЕ ТАРТУ РӘСІМІ ӨТТІ

Бүгін Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Үздік имам» ІI республикалық интеллектуалды білім сайысының жеребе тарту рәсімі өтті.

Республикалық деңгейде екінші рет ұйымдастырылып отырған додаға еліміздің өңірлерінен іріктеуден өткен 20 имам қатысуда. Қатысушылар діни білім, уағыз айту шеберлігі, жамағатпен жұмыс істеу тәжірибесі, сондай-ақ дін мен дәстүр сабақтастығын жеткізу бағыттары бойынша сайысқа түседі.












Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру