Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ «ЕРБАТЫР АТА» МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 14.08.2026 267 0 пікір
БАС МҮФТИ ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ «ЕРБАТЫР АТА» МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қызылорда қаласындағы жаңадан ашылған «Ербатыр ата» мешітінде «Әділдік – ауқымы кең, мағынасы терең ұғым» тақырыбында жұма уағызын айтып, жұма намазына қатысты.

«Әділдік – барлық жаратылысқа өзінің тиесілі ақысын беру, сөзі мен ісіне, діні мен ұлтына, реңі мен түріне, байлығы мен мансабына және туыстығына қарамай теңдік жасау. Әділдіктің исламдағы алар орны өте биік. Жеке адам болсын немесе қоғам болсын, әділдіксіз биік шыңдарға шыға алмайды. Асыл дініміз әділдікке ерекше мән береді. Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде: «Уа, иман келтіргендер! Алла разылығы үшін куәлікке жүргенде, тіпті өздеріңнің, ата-аналарыңның және туған-туыстарыңның зиянына болса да, қара қылды қақ жарған әділ болыңдар. (Біреуге жақтасып немесе қарсы куәлік еткендеріңде) мейлі бай, мейлі кедей болсын (туралықтан таймаңдар). (Өйткені) Алла байға да, кедейге де сендерден әлдеқайда жақын (яғни екеуінің де жай-күйін сендерден анағұрлым жақсы біледі). Сондықтан да нәпсіге еріп, әділдіктен ауытқып кетпеңдер», – деген («Ниса» сүресі, 135-аят)», – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Жұма намазынан кейін Бас мүфти мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.











Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру