Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ І ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИСЛАМ ӨРКЕНИЕТІ ФОРУМЫНДА БАЯНДАМА ЖАСАДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 08.07.2026 237 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ І ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИСЛАМ ӨРКЕНИЕТІ ФОРУМЫНДА БАЯНДАМА ЖАСАДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Өзбекстан Республикасына жұмыс сапары аясында Ташкент қаласында өткен «Ислам өркениеті: бейбітшілік, төзімділік және ғылым-білім жолы» тақырыбындағы І Халықаралық Ислам өркениеті форумында баяндама жасады.

Халықаралық форумда сөз сөйлеген Бас мүфти ислам өркениетінің адамзат тарихындағы орны мен рухани-мәдени маңызына тоқталып, бейбітшілік және ғылым-білімді дәріптеу – ислам дінінің негізгі құндылықтарының бірі екенін атап өтті.

Сонымен қатар Наурызбай қажы Тағанұлы қазіргі кезеңде дәстүрлі рухани құндылықтарды насихаттау, діни-ағартушылық қызметті жетілдіру, жастардың рухани тәрбиесін күшейту және халықаралық ғылыми-діни ынтымақтастықты дамыту бағытындағы жұмыстардың маңыздылығына ерекше назар аударды.

Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының делегациясы Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Діни істер жөніндегі комитет төрағасы Содиқ Тошбаев пен Өзбекстандағы Ислам өркениеті орталығының директоры Фирдавс Абдухаликовтың шақыртуымен өтіп жатқан халықаралық форум жұмысына қатысуда.








Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру