Ұлттық домбыра күні қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, белгілі күйші Жанғали Әлімханұлы Жүзбайды қабылдады.
Кездесу барысында қазақтың дәстүрлі күй өнерінің ұлт руханиятындағы орны, ұлттық мәдени мұраны сақтау мен насихаттау, сондай-ақ рухани құндылықтарды өскелең ұрпақтың бойына сіңіру мәселелері сөз болды.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ұлттық өнерді ұлықтап, күйшілік мектептің дамуына және қазақтың төл мәдениетін дәріптеуге сүбелі үлес қосып келе жатқан Жанғали Әлімханұлына алғысын білдірді.
Өз кезегінде Жанғали Әлімханұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қоғамның рухани тұтастығын нығайту, ұлттық және діни құндылықтарды сабақтастыра насихаттау бағытындағы қызметіне сәттілік тілеп, ізгі лебізін жеткізді.
Кездесу соңында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Жанғали Әлімханұлына құрмет көрсетіп, иығына шапан жапты. Сонымен қатар ұлттық өнерді дамытуға, қазақтың дәстүрлі күйшілік өнерін насихаттауға және рухани құндылықтарды дәріптеуге қосқан сүбелі үлесі үшін ризашылығын білдіріп, мерекелік құттықтауын жеткізді.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
03.07.2026
1076
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру