Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай ҚМДБ-ның ақпарат саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлерді кәсіби мерекемен құттықтады.
Бас мүфти өз құттықтауында ақпарат қызметінің қоғамға рухани құндылықтарды насихаттаудағы және діни басқарманың қызметін халыққа кеңінен танытудағы маңызды рөліне тоқталды.
«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ақпараттық-ағартушылық қызметін дамытуға, қоғамға рухани құндылықтарды насихаттауға және Мүфтияттың игі бастамаларын көпшілікке жеткізу жолындағы еңбектеріңізге алғысымды білдіремін. Сіздердің қажырлы қызметтеріңіз рухани ағарту ісінің өркендеуіне және қоғамдағы бірлік пен татулықтың нығаюына үлес қосып келеді», – деді ҚМДБ Төрағасы.
Айта кетейік, бүгінде ҚМДБ-ның Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімі, «Мұнара» газеті, «Иман» журналы, «Мұнара» телеарнасы және өзге де ақпараттық ресурстары рухани-ағартушылық бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.




















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
25.06.2026
679
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру