Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Құрбан айтта түзеу мекемелеріндегі азаматтарға құрбандық еті таратылды

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры 29.05.2026 59 0 пікір
Құрбан айтта түзеу мекемелеріндегі азаматтарға құрбандық еті таратылды
Құрбан айт мерекесіне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет және қайырымдылық» қоры Астана қаласы мен Ақмола облысындағы түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтарға құрбандық етін таратты.

Қайырымдылық шарасының мақсаты – мереке күндері мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қоғамдағы жанашырлық пен мейірімділік құндылықтарын дәріптеу. Игі бастама аясында құрбандыққа шалынған мал еті арнайы мекемелерге жеткізіліп, сотталған азаматтарға үлестірілді.

Аталған қайырымдылық шарасы Құрбан айттың ізгілік пен қамқорлыққа үндейтін рухани мәнін айшықтап, қоғамның әрбір мүшесіне қолдау көрсетудің маңызды екенін тағы бір мәрте көрсетті.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру