Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы Республикалық бас мешітте жұма намазын жүргізді.
Бас мүфти жұма құтпасында: «Жаратқан Алла қасиетті Құранда: «Уа, иман келтіргендер! Көп жаман ойға салынудан аулақ болыңдар! Шындығында ойлардың кейбірі күнә», – деген («Хұжырат» сүресі, 12-аят).
Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің хадисінде: «Күмәннан (жаман ойдан) сақтаныңдар, өйткені күмән – сөздердің ең өтірігі», – деген (Бұхари және Муслим).
Құрметті жамағат! Біз көбіне сыртымызды жылтыратып, киіміміздің кірін жуып, сыпайы сөйлеуге тырысамыз. Бірақ Алла Тағала біздің сыртымызға емес, ешкім көрмейтін ішімізге, яғни ниетіміз бен ойымызға қарайды. Сондықтан біз ең әуелі ішкі ойымызды, ниетімізді түзетуіміз керек»,- деді.
Жұма намазынан кейін Бас мүфти мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.











ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
29.05.2026
107
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру