Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазір

29 Мамыр 2026

12 Зулхижжа 1447 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

БАС МҮФТИ БАСТАМАСЫМЕН ЕЛІМІЗДІҢ МЕШІТТЕРІНДЕ ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІ ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТА АТАЛЫП ӨТУДЕ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 29.05.2026 590 0 пікір
БАС МҮФТИ БАСТАМАСЫМЕН ЕЛІМІЗДІҢ МЕШІТТЕРІНДЕ ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІ ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТА АТАЛЫП ӨТУДЕ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай еліміздің барлық өңіріндегі мешіттерде мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Айтулы мереке аясында мешіт аумақтарында киіз үйлер тігіліп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған рухани-мәдени бағдарламалар өткізілуде. Сонымен қатар жамағат арасында қазақ халқының салт-дәстүріне сай түрлі ұлттық ойындар мен сайыстар ұйымдастырылып жатыр.

Аталған шаралар Құрбан айт мейрамының рухани мәнін кеңінен насихаттаумен қатар, халқымыздың мәдени мұрасын ұлықтауға, қоғамдағы бірлік пен бауырмалдықты нығайтуға бағытталған.
























 





Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру