Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Павлодар облысына барған сапарында «Мәшһүр Жүсіп және оның рухани мұрасындағы ихсан ілімі» тақырынбында өткен республикалық ғылыми-танымдық конференцияда жасаған баяндамасында Мәшһүр Жүсіп шығармасы бүгінгі ұрпақ үшін маңызды насихат екенін атап өтті.
«Мәшһүр Жүсіп еңбектерінде адамның өзін-өзі тәрбиелеуі басты тақырыптардың біріне айналды. Ғұлама бабамыз: «Адамның тазалығы – жүрегінің тазалығында» деген мазмұндағы ойларды дәріптеді. Бұл – ихсан ілімінің негізгі ұстанымдарының бірі. Ол дінді тек рәсім немесе сыртқы ғибадат ретінде қарастырмаған. Керісінше, адамның мінез-құлқы мен қоғам алдындағы жауапкершілігін бірінші орынға қойған. Мәшһүр Жүсіптің пікірінше, жүректе мейірім болмаса, адамда ұят пен ар болмаса, халыққа қызмет ету ниеті болмаса, онда діни білімнің толық пайдасы болмайды. Бұл – бүгінгі қоғам, әсіресе ұрпақ үшін аса маңызды насихат. Біз бүгінгі ұрпаққа тек діни білім ғана емес, рухани мәдениет пен адамгершілік тәрбиесін де бірге жеткізуіміз қажет. Себебі ихсан – қоғамды ізгілендіретін, адамды кемелдікке бастайтын ұлы құндылық» деп атап өтті Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
25.05.2026
195
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру