Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖДІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫН АРАЛАДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 21.05.2026 388 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖДІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫН АРАЛАДЫ

Қазақстан мұсылмары діни басқармасының төрғасы Наурызбай қажы Тағанұлы Павлодар облысына барған сапарында «Әбу Бәкір Сыддық» медресе колледжінің жаңа ғимаратымен танысты.

Діни оқу орынның директоры Нұрсұлтан Қуатұлы Бас мүфтиге жаңа ғимаратта кітапхана, дәрісхана, компьютер мен акт залы бар екенін атап өтті. Сонымен қатар студенттердің жан-жақты білім алуына барлық жағдай жасалғанын айтты.

Жаңа ғимаратты аралаған Бас мүфти сапалы діни кадр даярлау үшін барынша сапалы білім беру қажеттігін жеткізді. Ол үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қажетті іс-шараларды жүзеге асырып келе жатқанын жеткізді.

Айта кетсек, бүгінде «Әбу Бәкір Сыддық» медресе колледжінде 100-ге жуық шәкірт білім алады. Оларға діни біліммен қатар физика, тарих, информатика сынды пәндерден сабақ беріледі.









Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру