Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«ИМАНИ ЖАЗ» ЖАЗҒЫ САУАТ АШУ КУРСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 21.05.2026 91 0 пікір
«ИМАНИ ЖАЗ» ЖАЗҒЫ САУАТ АШУ КУРСЫ БАСТАЛАДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен еліміздегі барлық мешіттерде 1 маусымнан бастап балаларға арналған «Имани жаз» діни сауат ашу курсы басталады.

Курс барысында оқушылар «Имандылық әліппесі» және «Азбука веры» кітапшалары негізінде білім алады. Дәріс барысында Алланың көркем есімдері, мақал-мәтелдер, ғибратты әңгімелер, сондай-ақ әдеп пен көркем мінез негіздері үйретіледі.

Оқу мерзімі: 1 маусымнан басталады.

Сабақ уақыты: аптасына 5 күн, сағат 10:00–14:00

Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

Қабылданатын жас:

10–15 жас аралығындағы мектеп оқушылары

Оқу тегін

Құжат қабылдау 31 мамырға дейін жалғасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру