Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен ашылған ҚМДБ ғимаратындағы «Қазақ даласындағы ислам тарихы» мұражайын ҚМДБ жанындағы Сарапшылар кеңесінің мүшелері аралады.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Рустам Әли мен Сарапшылар кеңесінің мүшелері қатысты.
Мұражайда қонақтарға қазақ жеріне ислам дінінің келу тарихы, оның рухани-мәдени дамуға ықпалы, тарихи тұлғалар мен діни мұраларға қатысты құнды жәдігерлер көрсетілді. Сонымен қатар экспозицияда халқымыздың діни танымы мен дәстүр сабақтастығын айшықтайтын тарихи деректер мен сирек материалдар қойылған.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
20.05.2026
290
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру