Бүгін Түркістан қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы облыс әкімі Нұралхан Оралбайұлымен бірге Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ағаш отырғызу шарасына қатысты.
Игі шара Б.Саттарханов даңғылы бойындағы аллея аумағында өтті.
Ауқымды шара барысында аталған аумақта көшеттер отырғызылып, жасыл желекті көбейтуге бағытталған жұмыстар жүргізілді. Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, дін қызметкерлері мен еріктілер белсене атсалысты.
Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Таза Қазақстан» акциясын қолдай отырып, еліміздің әр өңірінде ағаш отырғызу және тазалық шараларын тұрақты түрде ұйымдастырып келеді.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
27.04.2026
458
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру