Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ТҮРКІСТАНДА САРАПШЫЛАР КЕҢЕСІ МҮШЕЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 26.04.2026 290 0 пікір
БАС МҮФТИ ТҮРКІСТАНДА САРАПШЫЛАР КЕҢЕСІ МҮШЕЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысына жасаған жұмыс сапары аясында ҚМДБ жанындағы Сарапшылар кеңесінің мүшелері Досай Кенжетай мен Зікірия Жандарбекті қабылдады.

Кездесу барысында еліміздегі діни ахуал, қоғамдағы рухани тұрақтылықты нығайту, дәстүрлі құндылықтарды дәріптеу және жат діни ағымдардың алдын алу бағытындағы өзекті мәселелер талқыланды. Сондай-ақ дін мен дәстүр сабақтастығын кеңінен насихаттау, ғылыми-сараптамалық жұмыстарды жандандыру мәселесіне ерекше мән берілді.

Бас мүфти өз сөзінде қоғамдағы бірлік пен ынтымақты сақтау, жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру жолында білікті сарапшылардың рөлі маңызды екенін атап өтті.




Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру