Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ТҮРКІСТАНДА ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІНІҢ 48-ШІ МӘЖІЛІСІ БАСТАЛДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 25.04.2026 401 0 пікір
ТҮРКІСТАНДА ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІНІҢ 48-ШІ МӘЖІЛІСІ БАСТАЛДЫ

Бүгін Түркістан қаласында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ғұламалар кеңесінің 48-ші мәжілісі басталды.

Мәжілістің күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қаралуда. Атап айтқанда, ҚМДБ-ның «Адал қоғам» тұжырымдамасы (ислам құндылықтары негізінде), жасанды интеллект технологияларына негізделген «Imam AI» мобильді қосымшасының жобасы, сондай-ақ «Аудармашылар алқасы» аясында қазақ тіліне аударылатын классикалық еңбектер жобасы талқылануда.

Сонымен қатар кеңес мүшелері бірқатар өзекті пәтуаларды қарастыруда. Олардың қатарында келісімшартта уәдені орындау үкімі, жалға берілген жердің ұшырын беру үкімі, чайлдфри үкімі, кейіннен мүлікті иелену құқығымен жалға алу (Ijarah)үкімі және құрбандық етін сатудың үкімі бар.











Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру