Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы Республикалық бас мешітте «Тазалық, табиғат пен қоршаған ортаны қорғау» тақырыбында жұма уағызын айтты.
«Асыл дініміз мұсылмандардан талап ететін, маңызды міндеттің бірі – тазалық. Мұсылман адамның денесі, киген киімі таза болуымен қатар, ішкі жан-дүниесі, тіпті көңілі де таза болуы тиіс. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Анығында Алла тәубе етушілерді және өзін таза ұстаушыларды жақсы көреді», – деп айтқан («Бақара» сүресі, 222-аят).
Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла мінсіз, көркем істі жақсы көреді. Таза, тазалықты жақсы көреді», – деген (имам Термизи)»,- деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Жұма намазынан кейін Бас мүфти мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
24.04.2026
225
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру