Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАС МЕШІТТЕ ТАРАУИХ НАМАЗЫНДА НАСИХАТ АЙТТЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 05.03.2026 772 0 пікір
БАС МҮФТИ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАС МЕШІТТЕ ТАРАУИХ НАМАЗЫНДА НАСИХАТ АЙТТЫ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Республикалық Бас мешітте тарауық намазына қатысып, жамағатқа насихат айтты.  

««Сәһл ибн Сағд әс-Сағидинден (Алла оған разы болсын): «(Бірде) Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір адам келді де: «Уа, Алланың Елшісі! Маған оны орындасам мені Алла жақсы көретін және адамдар да жақсы көретін бір амалды айтыңызшы», – деді. (Сонда Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Дүниеге қызықпа, сонда Алла сені жақсы көреді әрі адамдардың қолындағыға қызықпа, сонда сені адамдар жақсы көретін болады», – деді», – деген. Хадистің түсіндірмесі Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бұл хадисінде бізді Алла Тағаланың және адамдардың сүйіспеншілігіне кенелтетін екі түрлі амалды хабар етті:

Бірінші: Алланың сүйіспеншілігіне кенелтетін іс – дүниеге қызықпау;

Екінші: Адамдардың сүйіспеншілігіне кенелтетін іс – адамдардың қолындағыға қызықпау.

Қазір әлеуметтік желіде жарқ-жұрқ етіп алдайтын дүние өте көп. Дұрыс, адам кәсіп істеп, адал еңбек етіп, дүниені қанша тапса да адалынан табуы қажет. Бірақ, дүниені өмірдің негізгі мақсаты етіп, күнәлі, арам істерге баруға болмайды. Сонымен қатар адамдардың қолындағыны тегін иемдену, дәмету, сұрау, тіленшілік қылу сияқты істерден де сақтануы қажет. Сонда біз Алла Тағалаға да ұнамды, адамдарға да ұнамды жан боламыз», –деді Бас мүфти.

Тарауық намазынан кейін жамағатпен бірге еліміздің амандығы мен тыныштығы, халқымыздың бірлігі мен берекесі үшін дұға жасалды.










Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру