Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Халал даму: «Макинск құс фабрикасында» аудит жұмыстары жүргізілді

ҚМДБ «Халал Даму» орталығы 05.03.2026 788 0 пікір
Халал даму: «Макинск құс фабрикасында» аудит жұмыстары жүргізілді

ҚМДБ Халал даму ЖШС директоры Айбек Асқарбекұлы және мекеменің технологы Нұрбек Қанатұлы Ақмола облысы, Макинск қаласында орналасқан Макинск құс фабрикасы ЖШС-дегі «Kus&Vkus» өніміне өндірістік аудит жұмыстарын жүргізді.

Тексеру барысында құс етін сою, өңдеу, сақтау және тасымалдау кезеңдеріндегі халал талаптарының сақталу барысы қаралды. Өндірістік үдерістердің шариғат талаптарына сәйкестігі, санитарлық нормалардың орындалуы және ішкі бақылау тетіктері жан-жақты зерделенді.

Іссапар аясында кәсіпорын аумағында қасапшыларға арналған түсіндіру дәрісі ұйымдастырылды. Дәріс барысында халал стандарттарын сақтау, мал сою кезіндегі діни талаптар, өндірістік тазалық пен жауапкершілік мәселелері кеңінен түсіндірілді.

Аталған жұмыстар халал стандарттарының сақталуын күшейтуге және тұтынушыларға ұсынылатын өнім сапасын арттыруға бағытталған.



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру