Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ «ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ» МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 16.01.2026 1174 0 пікір
БАС МҮФТИ «ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ» МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ

Бүгін Түркістан қаласының «Қожа Ахмет Ясауи» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жұма уағызын айтты. 

Жұма уағызында Бас мүфти жамағатқа «Жүрек тазалығы» тақырыбында насихат айтып, жүректің түрлі рухани дерттерден тазалығына тоқталды.

«Жүректің тазалығы тәубе, истиғфар, зікір, құлшылықтарды атқару сияқты ізгі амалдармен, ал кірлеуі күнәлі істер арқылы болады. Адам өзінің жүрегінің тазалығына мән беріп, оны ізгілік амалдар арқылы қуаттап отырмаса, күнәлі іс жасау арқылы адам жүрегі ластық күйге түседі. Ал ондай жүректің дүние және ақыретте алып келер зардабы үлкен», – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Жұма намазынан кейін ҚМДБ Төрағасы орталық мешітінің жамағатымен бірге дұға жасап, Алла Тағаладан еліміз бен жеріміздің тыныштығын, амандығын тіледі.





Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру