Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АСТАНАДА ДІНИ БАСҚАРМАНЫҢ 35 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН АРНАЙЫ КІТАПТЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 26.12.2025 1963 0 пікір
АСТАНАДА ДІНИ БАСҚАРМАНЫҢ 35 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН АРНАЙЫ КІТАПТЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

Астана қаласында өткен «Діни басқармаға – 35 жыл» атты мерейтойлық рухани кеш аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдық тарихына арналған арнайы кітаптың ресми тұсаукесері өтті.  

Мүфтият баспасынан жарық көрген бұл басылым Діни басқарманың 1990 жылы құрылған сәтінен бастап бүгінгі күнге дейінгі тарихи жолын, қалыптасу кезеңдерін және рухани саланың институционалдық дамуын жан-жақты қамтиды. Аталған кітаптың танытымына ҚМДБ Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған зиялы қауым өкілдері қатысты.

Арнайы мерейтойлық басылым — ҚМДБ-ның 35 жылдық қызметін шолу жасап, ел руханиятын дамытудағы маңызды жетістіктерін көрсетуге арналған құнды еңбек ретінде көпшілік назарына ұсынылды.





Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру