Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде республикалық маңызы бар қалалар мен облыстардың Бас имамдары 2025 жылы атқарылған жұмыстар бойынша жылдық есеп беруде.
Төралқа жиыны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен өтуде. Мәжіліс барысында Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың Бас имамдары 2025 жылы жүзеге асырылған жұмыстардың нәтижесін баяндауда.
Бас мүфти дін қызметкерлерінің бір жыл бойы атқарған еңбегіне оң баға беріп, бірқатар бағыттар бойынша жұмысты одан әрі күшейту қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ алдағы кезеңде сапалы нәтижеге қол жеткізу үшін нақты тапсырмалар жүктеді.



































ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
25.12.2025
2470
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру