Бүгін Алматы қаласы, Нұр-Мүбәрак университетінің қабырғасында ҚМДБ жанындағы Жастар кеңесінің ІІІ мәжілісі өтті. Басқосу ҚМДБ-ның құрылғанына 35 жыл толуымен тұспа-тұс келіп, жастардың рухани-ағартушылық және қоғамдық бағыттағы қызметін жүйелеуге арналды .
Мәжілісті ашқан Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Діни басқарманың ел руханиятын дамытудағы орны мен Жастар кеңесінің атқарып отырған жұмысына тоқталды. Сондай-ақ 2025 жылдың ҚМДБ аясында «Ислам және отбасы құндылығы» жылы болып жариялануының маңызы атап өтілді.
Кеңес отырысының күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, 2025 жылы жастар бағытында атқарылған іс-шаралардың қорытынды есебі тыңдалып, 2026 жылға арналған жыл атауы мен басым бағыттарға ұсыныстар білдірілді. Сонымен қатар, «Жастардың әдебі мен мәдениеті» атты құжаттың мазмұны талқыланып, алдағы жылға арналған Жастар кеңесінің жоспары қарастырылды.
Мәжіліс барысында ҚМДБ Жастар кеңесінің құрамына жаңа мүше қабылдау мәселесі де күн тәртібіне енгізілді. Кеңес шешімімен ақпараттық және қоғамдық коммуникация саласында тәжірибесі бар Советханов Нұрболат Серікұлы Жастар кеңесінің құрамына қабылданды. Жаңа мүшенің медиа және жастармен жұмыс бағытындағы білімі мен тәжірибесі кеңес жұмысына серпін беретіні айтылды.
Жиын соңында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының атынан Жастар кеңесінің мүшелеріне атқарған еңбектері мен белсенді қызметі үшін алғысхаттар табысталды.






























ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
20.12.2025
2361
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру