Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «MUNARATV»  ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ЖАҢА СТУДИЯСЫ АШЫЛДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 19.12.2025 2237 0 пікір
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «MUNARATV»  ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ЖАҢА СТУДИЯСЫ АШЫЛДЫ

Алматы облысы, Қонаев қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «MunaraTV»  телеарнасының жаңа студиясының ашылу рәсіміне қатысты.

Іс-шара барысында Бас мүфти жаңа студияның жұмысымен танысып, студия ұжымына сәттілік тіледі.

Жаңа студия заманауи техникалық құралдармен жабдықталып, сапалы діни-ағартушылық контент дайындауға мүмкіндік береді. Студия ұжымы алдағы уақытта телеарна көрермендеріне бағытталған түрлі рухани, танымдық және ақпараттық бағдарламаларды ұсынуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, «MunaraTV»  телеарнасы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ақпараттық-ағартушылық бағыты аясында жұмыс істеп, діни саладағы жаңалықтар мен рухани-танымдық бағдарламаларды жүйелі түрде көрермен назарына ұсынып келеді.









Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру