Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тәуелсіздік күніне орай спорттық сайыс өтті

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 17.12.2025 1424 0 пікір
Тәуелсіздік күніне орай спорттық сайыс өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен ҚМДБ-ның «Ынтымақ» спорт кешенінде ел тарихындағы ең қастерлі мерекелердің бірі – 16 желтоқсан, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай спорттық сайыс өтті.

Аталған шараға мүфтият жастары, жас имамдар, ұстаздар мен шәкірттер қатысып, мини-футбол алаңында өзара шеберліктерін сынады. Сайыстың негізгі мақсаты – жастар арасында бауырмашылдықты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ бірлік пен ынтымақты дәріптеу болды.

Тартысты әрі тартымды өткен ойындар қатысушыларға ерекше серпін сыйлап, ортақ мақсат жолындағы татулық пен ұйымшылдықтың айқын көрінісіне айналды. Әр команда әділ ойын қағидаттарын сақтап, достық пен өзара құрметті жоғары деңгейде көрсетті.

Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі I, II және III орындарға ие болған командалар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы атынан кубоктармен, медальдармен және алғыс хаттармен марапатталды.




Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру