Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы мен Дін мен дәстүр бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Әуесханұлы Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Даби қаласында өтіп жатқан «Отбасы қазіргі заман шындығында: ұлттық бірегейлік және тұтас қоғам» атты III халықаралық конференцияға қатысты.
2025 жылғы 15–16 желтоқсан күндері ұйымдастырылған халықаралық жиын БАӘ Шариғат пәтуа кеңесінің бастамасымен, Патшайым Фатима бинт Мубарактың қамқорлығымен өтті. Сондай-ақ аталған конференция мемлекет басшысы шейх Мұхаммед бин Заид Ән-Нахаянның 2026 жылды «Отбасы жылы» деп жариялауымен үндесіп отыр.
Конференция барысында отбасы институтының қазіргі қоғамдағы рөлі, заманауи әлеуметтік үдерістердің шариғи үкімдерге ықпалы, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды сақтаудағы әдіснамалық мәселелер жан-жақты талқыланды.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
17.12.2025
1162
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру