Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Мысыр Араб Республикасында білім алып жатқан қазақ студенттеріне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының атынан дастарқан жайылды.
ҚМДБ Төрағасының студенттермен кездесуі дастарқан басында жалғасып, рухани мазмұндағы әңгіме өрбіді. Кездесу барысында студенттер мәуліт жырын оқып, домбырамен күй орындап, Абай Құнанбайұлының өлеңдерінен үзінділер оқыды. Сонымен қатар, жиынға қонақ ретінде қатысқан Әл-Азхарда оқып жатқан индонезиялық студенттер Пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ұлықтап, рухани жыр орындап, шараның көркін аша түсті.
Өз кезегінде «Талаба» қауымдастығына мүше қазақ студенттері мемлекет пен діни басқарма тарапынан көрсетіліп отырған жан-жақты қолдау мен қамқорлық үшін алғыс білдіріп, ризашылықтарын жеткізді.













ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
16.12.2025
2383
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру