Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жұмыс сапарымен Мысыр Араб Республикасының астанасы — Каир қаласына барды.
Сапар аясында Бас мүфтиді Каир халықаралық әуежайынан Мысыр Араб Республикасы мүфтиінің бірінші орынбасары, доктор Әли Омар мырза қарсы алды. Кездесу барысында қонаққа көрсетілген құрмет пен ілтипаттың белгісі ретінде Мысыр тарапы халықаралық деңгейдегі маңызды форумға арнайы шақыруды қабыл алғаны үшін алғыс білдірді.
Айта кетейік, Наурызбай қажы Тағанұлы Мысыр Араб Республикасы Президенті Әбдел Фаттах ас-Сисидің қамқорлығымен өтетін «Заманауи сын-қатерлер жағдайында пәтуа беру және адам болмысының тұтастығы» тақырыбындағы халықаралық форумға қатысып, баяндама жасайды.
Сонымен қатар, жұмыс сапары барысында Бас мүфтидің Мысыр жерінде білім алып жатқан қазақстандық студенттермен, сондай-ақ бірқатар ресми тұлғалармен кездесулері жоспарланған.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
14.12.2025
2190
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру