Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазір

15 Қаңтар 2026

26 Ражаб 1447 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ПАЛЕСТИНА ХАЛҚЫМЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ШАРАҒА ҚАТЫСТЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 02.12.2025 1231 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ПАЛЕСТИНА ХАЛҚЫМЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ШАРАҒА ҚАТЫСТЫ

Елордада Палестина халқымен халықаралық ынтымақтастық күніне орай дипломатиялық корпус өкілдерінің қатысуымен ресми жиын өтті. Шараға араб мемлекеттерінің елшілері, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссия өкілдері қатысты.

Кездесуге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы шақырылды. Жиын барысында Палестина халқына көрсетіліп келе жатқан гуманитарлық қолдаудың маңыздылығы атап өтіліп, бейбітшілік пен өзара түсіністікті нығайтуға бағытталған халықаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Палестинаның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Монтасер Абу Зейд мырза Қазақстан халқына және Діни басқармаға тұрақты қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін алғыс білдірді.

Жиын қорытындысында қатысушылар халықаралық ынтымақтастықты нығайту мен өзара қолдауды дамытуға мүдделі екендерін жеткізді.








Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру