Қызылорда қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти Ермек Қасболатұлы мен ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Берденұлының қатысуымен өңір имамдарына арналған арнайы семинар өтті.
Жиын барысында діни ағартушылық жұмыстың тиімділігін арттыру, уағыз-насихат мазмұнын жаңғырту, қоғам сұранысына сай рухани тақырыптарды жүйелі түсіндіру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар имамдардың кәсіби біліктілігін жетілдіру, ақпараттық-түсіндіру бағытындағы әдістемелер, сондай-ақ қазіргі діни ахуалдағы маңызды басымдықтар қарастырылды.
Семинар соңында сұрақ-жауап жүргізіліп, өңір имамдары өзара тәжірибе алмасып, ұсыныстарымен бөлісті. Іс-шара Сыр өңіріндегі діни қызметтің сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
25.11.2025
1350
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру