Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 25.11.2025 1658 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСТІ

Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы облыс әкімі Асхат Шахаровпен кездесті.

Жиында аймақтағы діни ахуал, қоғамдық келісім және дінаралық өзара түсіністікті нығайту мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысында тараптар ортақ бағыттар бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.

Айта кетейік, бүгінде Ақтөбе облысында 71 мешіт қызмет етеді. Сондай-ақ 8 жаңа мешіттің құрылысы жүріп жатыр. Өңірде 153 дін қызметкері жұмыс атқаруда.




Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру