Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы Республикалық бас мешітте «Денсаулықтың қадір-қасиеті» тақырыбында жұма уағызын айтты.
«Алла Тағаланың адам баласына берген нығметтері өте көп. Ол нығметтерді пенде атаулы санайтын болса, есебіне жете алмайтыны анық. Қасиетті Құранның «Нахыл» сүресі, 18-аятында: «Алланың нығметін санасаңдар санына жете алмайсыңдар», – деп айтылған.
Осындай адам баласына берілген үлкен нығметтердің бірі – денсаулық. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Адамдардың көбі қадіріне жете бермейтін екі нығмет бар, ол – денсаулық және бос уақыт», – деген (имам Бұхари).
Халқымызда: «Денсаулық – зор байлық», «Бірінші байлық – денсаулық», «Байлық – байлық емес, денсаулық – байлық» дегендей нақыл сөздер өте көп. Бұл айтылған сөздерден ата-бабаларымыздың денсаулықты қаншалықты жоғары бағалағандығын, тіпті оны негізгі байлық деп танығанын түсінеміз»,- деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Жұма намазынан кейін Бас мүфти мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.










ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
21.11.2025
1641
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру