Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау облысында халал стандарты бойынша айлық аудит өтті

muftyat.kz 04.11.2025 825 0 пікір
Маңғыстау облысында халал стандарты бойынша айлық аудит өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен және «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлының бастамасымен Маңғыстау облысында бірқатар кәсіпорындарда айлық халал аудиті жүргізілді.

Тексеру жұмыстары «Каспий құс», «Dekmy», «Familk» сүт зауыттары, «Көркем әлем» ет комбинаты, жергілікті тамақтану орындары, ет дүкендері мен кондитерлік цехтарды қамтыды. Сонымен қатар, санитарлық-гигиеналық талаптарды жақсарту, шикізаттың шығу тегін бақылау және қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша ұсыныстар берілді.

Сондай-ақ, Жаңаөзен қаласындағы «Әбіш Қожа» мешітінде әйел жамағатына арналған оқу-семинар өтті. Кездесуде халал өмір салты, тағам құрамын анықтау тәсілдері түсіндіріліп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.







Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру