Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Астана: Әл-Фараби мешітінде жастармен рухани кездесу өтті

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 28.10.2025 1206 0 пікір
Астана: Әл-Фараби мешітінде жастармен рухани кездесу өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен Астана қаласындағы «Әл-Фараби» мешітінде ақшам намазынан кейін жамағатқа арналған рухани кездесу өтті.

Іс-шараға ҚМДБ Жастар ісі секторының меңгерушісі Бағыжан Күзекбай қатысып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің ыстық сәлемін жамағатқа жеткізді.

Кездесу барысында «Отанды сүю – иманнан» тақырыбында насихат айтылып, отансүйгіштік пен имандылықтың өзара байланыс тақырыптары қозғалды.

Шара соңында жамағатқа дастарқан жайылып, рухани сұхбат жалғасын тапты. Сонымен қатар қатысушылар арасында викториналық сұрақтар ұйымдастырылып, дұрыс жауап бергендерге естелік сыйлықтар табыс етілді.




Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру