Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Әзірет Сұлтан мешітінде жастармен рухани кездесу өтті

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 24.10.2025 2097 0 пікір
Әзірет Сұлтан мешітінде жастармен рухани кездесу өтті

Елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен Астана қаласы өкілдігінің жастар ісіне жауапты мамандарымен кездесу өтті.

Жиынды ҚМДБ Жастар ісі секторының меңгерушісі Бағыжан Күзекбай қатысушыларды алдағы Республика күнімен құттықтады. Кездесуде жастар арасында имандылықты нығайту, сондай-ақ нашақорлық пен суицидтің алдын алуға бағытталған ағартушылық іс-шараларды күшейту мәселелері талқыланды.

Кездесуде жастармен жүйелі жұмыс жүргізудің маңыздылығын атап өтіп, бұл бағыттағы ҚМДБ-ның жоспарларына тоқталды. Жиын соңында қатысушылар ағартушылық және тәрбиелік шараларды бірлесе жалғастыруға уағдаласты.




Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру