Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен ҚМДБ-ға қарасты дін қызметкерлері Мысыр Араб Республикасында екі айлық біліктілік арттыру курсынан өтуде. Бағдарлама ҚМДБ мен Әл-Азһар университеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум негізінде жүзеге асып жатыр.
Мысырда білім алып жатқан дін мамандарымен Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Жеңісұлы кездесіп, оқу барысына сәттілік тілеп, ізгі лебізін білдірді.
Айта кетейік, оқу бағдарламасы үш кезеңнен тұрады. Әр кезеңнің ұзақтығы — екі ай. Жоба аясында еліміздің өңірлерінен іріктелген 14-ге жуық дін қызметкері Әл-Азһар университетінің жанындағы Халықаралық ислам зерттеу академиясында дәріс алуда.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
24.10.2025
2784
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру