Астана қаласындағы Республикалық Бас мешітте өткен ІІ Халықаралық Құран жарысын алғаш болып бастаған Иордания Хашимиттік Корольдігінен келген Абдулла ЖАМАЛ ХУСЕЙН ӘЛ-БАРАУИ қари жарыс жайлы әсерлі пікірімен бөлісті.
«Құран Кәрімді бала кезімнен бастап оқып жаттадым. Толық жаттағанымда 14 жаста болдым. Сол уақыттан бері ел ішіндегі Құранды жатқа оқу жарыстарына қатысып келемін. Қазақстанда халықаралық Құран жарысы екінші рет ұйымдастырылып жатқан болса, бұл да – менің әлемдік деңгейдегі Құран жарысына екінші рет қатысуым. Осыдан екі жыл бұрын Дубайда өткен халықаралық Құран жарысынада бағымды сынаған едім. Бұл жарысқа қатысушы қарилардың барлығы дерлік жіті дайындалған. Кіл мықтыларды жинаған осынау байқауға ерекше дайындықпен келген едім. Қарилардың арасынан Қазақстанға ең соңғы келіп, жеребе тарту рәсімінде ең бірінші болып шығатыным анықталғанда «бұл да Алланың қалауы» деп іштей өзімді жұбаттым. Дейтұрғанмен жарысты бірінші болып бастаудың өзіндік жүгі бар. Қазақстанға келетін рейстен кешігіп, Ыстамбұл әуежайында 12 сағат отырып қалдым. Сайып келгенде осының барлығы қырағатыма әсер етті. Бәлкім, осы себептерге байланысты қазылардың сұрағынан мүдірмей өту нәсіп болмаған шығар. Ал ұйымдастыру жағына келсек, Астанадағы халықаралық Құран жарысы өте жоғары деңгейде өтті деп айта аламын. Қазақ елінің қонақжайлығына тәнті болдық. Баршаңызға көп рақмет!»,- деді Абдулла ЖАМАЛ ХУСЕЙН ӘЛ-БАРАУИ. 



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
21.10.2025
2145
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру