Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫНА ҚАТЫСУШЫ ҚАРИЛАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЛЕГІ КЕЛДІ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 13.10.2025 3017 0 пікір
ІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫНА ҚАТЫСУШЫ ҚАРИЛАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЛЕГІ КЕЛДІ

Елорда төрінде өтетін ІІ Халықаралық Құран жарысына қатысушы қарилардың алғашқы легі Астана қаласына келді. Бұл беделді халықаралық сайыс Ұлттық мереке – Республика күніне және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.

15–16 қазан күндері өтетін сайысқа әлемнің бірнеше елінен Құранды Кәрімді толық жаттаған қарилар мен беделді қазылар шақырылған. Алғашқы легпен Мысыр, Алжир, Қырғызстан және Татарстан елдерінің қарилары мен жарысқа қазылық ететін Мысырлық және Қырғызстандық тәжірибелі қари-ұстаздар келді.

Айта кетейік, екі күнге созылатын Құран жарысына 20-дан астам мемлекеттің қарилары қатысады. Сайыс мүфтияттың төл «Munara TV» телеарнасынан және «Мүфтият ҚМДБ» YouTube арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. 
















Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру