Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырaуда халал стандарттарының талаптары түсіндірілді

Атырау облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі amin.kz 02.10.2025 1252 0 пікір
Атырaуда халал стандарттарының талаптары түсіндірілді

Атырау облысына жұмыс сапарымен келген ҚМДБ «Халал даму» стандарттау және сертификаттау орталығының директоры Айбек Асқарбекұлы мен орталықтың технолог маманы Мейіржан Бауыржанұлы жергілікті кәсіпкерлер және имамдармен кездесті.

Жиынды облыстың Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы ашып, халал саласының қоғам үшін маңызын атап өтті.

Басқосуда өнімдердің құрамы мен қоспалары, тұтыну жолдары, халал стандарттарының талаптары және сертификаттау үдерісі жан-жақты түсіндірілді.

 

Кездесу соңында бірқатар атыраулық кәсіпорындарға ҚМДБ «Халал даму» орталығының ресми сертификаттары табысталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру