Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ-ның Ислам ғылыми-зерттеу институты ғылыми серіктестікті кеңейтуде

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 02.10.2025 1326 0 пікір
ҚМДБ-ның Ислам ғылыми-зерттеу институты ғылыми серіктестікті кеңейтуде

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ислам ғылыми-зерттеу институты еліміздің ғылыми мекемелерімен ынтымақтастық байланыстарын кеңейтіп, ортақ жобаларды жүзеге асыруда.

Таяуда институт директоры Төрәлі Қыдыр мен «Ғылым ордасы» ШЖҚ РМК Бас директоры Ұлар Оразғалиұлы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Кездесу барысында институт тарапынан қолға алынған ғылыми жобалар таныстырылып, негізгі мақсат – дәстүрлі исламды ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеу екені атап өтілді. Өз кезегінде Ұлар Оразғалиұлы институт қызметіне сәттілік тілеп, ортақ ғылыми жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.

Сондай-ақ қасиетті Түркістан қаласында институт пен «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі арасында да ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Институт директоры Төрәлі Қыдыр қорық-музей директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Мұрат Мейірбекұлымен кездесіп, алдағы кезеңдегі бірлескен жоспарларды талқылады.

Аталған келісімдердің негізінде тараптар сирек кітаптар мен көне қолжазбаларды бірлесе зерттеп, ғылыми айналымға енгізуге және ортақ ғылыми жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.





Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру