Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІН ЗИЯРАТ ЕТТІ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 01.10.2025 1928 0 пікір
БАС МҮФТИ ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІН ЗИЯРАТ ЕТТІ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді.

Бас мүфти жұмыс сапарын түркі дүниесінің рухани орталығы саналатын Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зиярат етуден бастады. Зиярат рәсіміне Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Раманқұлов арнайы қатысты.

Зиярат барысында ҚМДБ Төрағасы қасиетті Құран аяттарын бағыштап:
«Алла Тағала киелі мекен – Түркістанда жерленген ел билеген хан-сұлтандарымызды, абыз-әулиелерімізді рақымына бөлегей. Жаратушы Жаббар Иеміз Қожа Ахмет Ясауи бабамызды мейіріміне алғай. Еліміз аман, жеріміз тыныш, егемендігіміз баянды болғай»,- деп дұға етті.

Айта кетейік, Бас мүфти сапар барысында Түркістан облысында өтетін бірқатар ауқымды іс-шараларға қатысады деп жоспарлануда.










Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру