Абай облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен Абай атындағы Семей мемлекеттік театрында «Ұлы даланың ұлы тұлғаға тағзымы» атты Мәуліт өтті.
Кеш аясында «Дариға-ай жастар» театры сахналаған «Құнанбайдың қажылығы» атты жаңа спектакльдің тұсауы кесіліп, көрерменге жол тартты. Қойылым шымылдығы XIX ғасырдың тарихи кезеңін бейнелеп, көрерменге ерекше әсер сыйлады.
Мерекелік кеште Мәуліт жыры оқылып, жиналған көпшілік Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтып, жүрек лебіздерін арнады.
Сондай-ақ, Бас имам қойылым режиссері Еркебұлан Нұғыманов пен «Дариға-ай жастар» театры ұжымына алғысын білдіріп, арнайы алғыс хат табыстады.
Рухани кештен қала тұрғындары зор әсер алып, ұйымдастырушылар мен театр ұжымына ризашылықтарын жеткізді.









ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Абай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
alashdin.kz
29.09.2025
1220
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру