Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Уақып» қоры: Кәсіпкерлер және түрлі сала мамандарымен кездесті

ҚМДБ Баспасөз қызметі waqf.kz 29.09.2025 793 0 пікір
«Уақып» қоры: Кәсіпкерлер және түрлі сала мамандарымен кездесті

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазретіміздің бекіткен «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес Жамбыл облысында бірқатар шаралар ұйымдастырылды. 

Іссапар барысында өңір кәсіпкерлерімен, имамдармен сондай-ақ,  түрлі сала мамандарымен кездесулер өтті. Жиындарда уақып мәдениетін дамыту, жария садақаның қоғамға пайдасы мен мәңгілік сауабы кеңінен түсіндірілді.

«Уақып» қорының директоры Азамат Абдикеримұлы қордың жалпы жұмысы, атқарылып жатқан қайырымдылық жобалары және алдағы жоспарлар жөнінде баяндама жасады. Ал, қор директорының орынбасары Али Абдуайт уақыпнаманың маңызы мен уақып ісіне үлес қосу жолдары туралы түсіндірме берді.

Кәсіпкерлер мен имамдар сондай-ақ, сала мамандары уақып жұмыстарына қызығушылық танытып, қоғам игілігіне үлестерін арттыруға дайын екендіктерін жеткізді.





Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру