Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматыда өтіп жатқан «HALAL EXPO-2025» халықаралық көрмесінің ашылу рәсімінде үздік халал кәсіпорындар мен мамандарды марапаттады.
Марапаттау рәсімінде халал индустриясын дамытуға елеулі үлес қосқан кәсіпорындар, сапалы өнім өндірушілер, сонымен бірге халал стандарттарын жетілдіруге атсалысқан мамандар арнайы алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.
Бұл игі дәстүр адал еңбекті ынталандырып қана қоймай, халал саласында сапаны арттыруға және әділ бәсекелестікті дамытуға серпін береді.
«Үздік халал кәсіпорын»:
1. «Молочные истории-А» ЖШС
2. «Нәтиже Сүт Фабрикасы» ЖШС
3. «Кондитерский дом Kulikov»
4. «Балмуздак» ЖШС
5. «ҚАРҚЫН-2030» ЖШС
6. «AQNUR» ШҚ
7. «ADIL_SAUDA» ЖК
8. «Qulpynai Production» ЖШС
«Үздік мамандар»:
1. Ақылбек Амангелдіұлы
2. Іздібай Бегенұлы
3. Мақсат Аманжолұлы
4. Дархан Даярбекұлы
5. Айгүл Оралбайқызы
6. Жанат Ахметқызы
7. Жансая Шалқарқызы
8. Ақмаржан Ержанқызы.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
20.09.2025
2741
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру