Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы Республикалық бас мешітте «Қоғамдағы зиянды дерттер» тақырыбында жұма уағызын айтты.
«Ислам діні денсаулықты тек тәннің емес, иманның да бір бөлігі ретінде қарастырады. Құлшылық жасау, жақсы істер орындау – бәрі де деннің саулығына тәуелді. Ораза ұстау, намаз оқу, қажылыққа бару – мұның бәрі физикалық дайындықты қажет етеді. Хакім Абайдың: «Ауруды жаратқан Құдай, бірақ ауыртқан Құдай емес», – деген сөзі осыны меңзейді. Яғни, аурудың бір себебі адамның өз қателігі мен бейқамдығынан туындайды.»,- деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Жұма намазынан кейін Бас мүфти мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
19.09.2025
1590
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру