Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы облысында қари ұстаздарға арналған курс өтті

Алматы облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі hilal.kz 19.09.2025 1629 0 пікір
Алматы облысында қари ұстаздарға арналған курс өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының оқу-ағарту жоспарына сәйкес Алматы облысында қари ұстаздардың білімін жетілдіруге арналған екі күндік курс ұйымдастырылды. Игі шара облыстың бас имамы Мадияр Тағайбайұлының ұйытқы болуымен Талғар ауданына қарасты Қызылқайрат ауылдық мешітінде өтті.

Курс аясында ұстаздар ҚМДБ-ның концептуалдық құжаттарын, ақида мен фиқһ ғылымдарын, сондай-ақ Құран ілімдері мен тәпсірді оқып, тәжірибелерін жетілдірді. Алғашқы дәрістерді облыс наиб имамы Талғат Сүлейманов, ұстаздар Азамат Дәулетұлы және Рүстем Молдахметов жүргізді. Екінші күні Бауыржан Омарұлы (ақида), Азамат Дәулетұлы (фиқһ), Рүстем Әуелханұлы (Құран ілімдері) дәріс оқыды.

Курсқа 22 қари ұстаз қатысып, соңында оларға облыс бас имамының атынан сертификаттар табысталды. Сонымен қатар, наиб имам Талғат Сүлейманов дәріс жүргізген ұстаздарға алғыс білдірді.

Бұл игі бастама қарилардың діни білімін тереңдетіп қана қоймай, шәкірт тәрбиелеу ісінің сапасын арттыруға ықпал етті.





Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру