Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: «Ислам және отбасы құндылығы» тақырыбында семинар өтті

Алматы қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі azan.kz 19.09.2025 1630 0 пікір
Алматы: «Ислам және отбасы құндылығы» тақырыбында семинар өтті

Әуезов аудандық Ақсай мешітінде жас отбасыларға арналған «Ислам және отбасы құндылығы» тақырыбында тағылымды семинар ұйымдастырылды. Аталған шарада «Қалқаман» мешітінің бас имамы, дінтанушы PhD докторант Руслан Қамбар және Орталық мешіттің ұстазы Талғат Сапанов отбасындағы ер азаматтың міндеті, әйелдің жауапкершілігі, ерлі-зайыптылардың өзара сыйластығы мен сүйіспеншілігі, сондай-ақ ата-ене және туыстармен дұрыс қарым-қатынас орнату жайында құнды кеңестерімен бөлісті.

Алла Тағала Құран Кәрімде: «Олардың арасынан сендерге тыныштық табуларың үшін жұбайлар жаратқанымыз әрі араларыңа сүйіспеншілік пен мейірім салғанымыз — Оның белгілерінен» (Рум сүресі, 21-аят) – деп баян етеді.

Сондай-ақ Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) :«Сендердің ең жақсыларың – отбасына ең жақсы болғандарың. Ал мен сендердің араларыңда отбасына ең жақсы болғанымын» (Тирмизи) – деп қалдырған өсиет кеңестері жастарға жеткізілді. Семинар соңында жас отбасыларға арнайы бата жасалып, қатысушылар шарадан үлкен әсер алып, ризашылықпен тарқасты.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру