Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезіне арнайы келген мәртебелі мейман – Мысыр Араб Республикасының Бас мүфтиі Мұхаммед Назир Аядты қабылдады.
Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы діни-рухани байланысты нығайту, ғылым-білім саласындағы ынтымақтастықты дамыту, дәстүрлі ислам құндылықтарын бірлесе насихаттау мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, ұстаздар мен студенттер алмасу, діни кадрлардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ екі жақта жарық көрген еңбектерді аудару бағытында ортақ шаралар жүргізу жайы сөз болды.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан мен Мысыр арасындағы бауырластық байланыстардың ішінде діни әріптестіктің маңызы зор екенін атап өтті. Өз кезегінде Мұхаммед Назир Аяд Қазақстан халқының қонақжайлылығына ризашылығын білдіріп, еліміздегі діни татулық пен ұлтаралық келісім тәжірибесін жоғары бағалады.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
15.09.2025
2309
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру