Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырауда мәуліт мерекесіне арналған рухани кеш өтті

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 12.09.2025 1676 0 пікір
Атырауда мәуліт мерекесіне арналған рухани кеш өтті

Атырау қаласындағы «Иманғали» орталық мешітінің 25 жылдық мерейтойына орай Мәуліт мерекесіне арналған «Жүректерге түскен нұр» атты рухани кеш ұйымдастырылды. Шараға ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Нұрғалиева мен Алматы облысы бойынша сектор жетекшісі Назерке Жаналиева арнайы қатысты.

Кеште облыстың Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы Мәуліттің мән-маңызына тоқталып, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірінен тағылым алуға шақырды. Мешітке ұзақ жылдар қызмет еткен аналарға алғыс хаттар табысталды.

Динара Нұрғалиева «Отбасы құндылығы: әйелдің қоғамдағы орны» тақырыбында насихат жүргізсе, Назерке Жаналиева «Қарты бар үйдің қазынасы бар» атты тәлімді ойымен бөлісті. Жамағат қыздары сахналық қойылым қойып, ақ жаулықты әжелер ақ бата берді.














Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру