ҚМДБ Түркістан облысы Төлеби ауданының орталық «Нұр» мешітінде кәсіпкерлердің демеушілігімен «Мектепке жол – 2025» акциясы аясында «Жаңа оқу жылына – жаңа жабдықтар» атты қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Қасиетті Құран оқумен басталған шарада аудан бас имамы Үсен Саурабаев ата-бабаларының рухына Құран бағыштап, демеуші қор басшылығына алғыс білдірді.
Акция барысында орталық «Нұр» мешітіне тіркелген әлеуметтік аз қамтылған, жалғыз басты 200 отбасының балаларына мектепке қажетті құрал-жабдықтар салынған сөмкелер табысталды. Оның ішінде 100 ұл бала мен 100 қыз бала қамтылды.
Игі іс-шараға демеушілік еткен «Ешенқұлұлы Қуаныш» жеке қорына мешіт жамағаты атынан ризашылық білдіріліп, Алла Тағала отбасыларына амандық, кәсіптеріне береке тіледі.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
10.09.2025
1956
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру