Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АСТАНАДА ТЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТУДЕ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 08.09.2025 2797 0 пікір
АСТАНАДА ТЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТУДЕ

Бүгін Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Діни оңалту бөлімінің ұйымдастыруымен «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі теологиялық жұмыстардың ерекшеліктері мен тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында кәсіби біліктілікті арттыруға арналған семинар өз жұмысын бастады.

Оқу-семинарына еліміздің барлық өңірінен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде қызмет атқарып жүрген, ҚМДБ-ның діни оңалту бағытына жауапты мамандар қатысуда.

Айта кетейік, екі күнге жоспарланған семинар 8-9 қыркүйек күндері өтеді.









Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру